Турист түсірген видео әлеуметтік желіде таралып кетті
Алматы маңындағы тауларда серуендеп жүрген турист ерекше жағдайға тап болды. Ол тау басынан күтпеген жерден лас күйдегі дәретханаға кезігіп, оны видеоға түсіріп әлеуметтік желіге жүктеген. Алайда ең қызығы – дәл осы дәретхананың жанынан ашылатын табиғи көрініс жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видео әлеуметтік желіде таралып кетті.
«Қазақстан. Табиғат аясына, таудың баурайына серуен құруға шығып, мынандай дәретханаға тап болдым. Қызық осымен аяқталмайды. Мына бір таңғажайып көрініске қараңыз», - деп турист таудың үстін көрсетеді.
Желі қолданушылары туристің видеосына қатысты түрлі әзіл-шыны аралас пікір білдірді.
«Мына дәретханаға барғым келіп кетті ғой», «Көрініс әрине әдемі. Бірақ елдегі қоғамдық дәретханалар әбден ұялтты», «Бізде дәретханадан басқасының бәрі керемет», «Көрінісі қандай ғажап», - деп жазды желі қолданушылары.