Видео әлеуметтік желіні шулатты
Оңтүстіккореялық жұлдыз Им Шиванмен түскен бейнежазбасы арқылы Жанар Айжанова әлеуметтік желіні шулатты. Қазақстандық актриса мен әнші Instagram мен TikTok желілеріне Пусан кинофестивалінде түсірілген архивтік фото мен видеоны жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бейнежазбада Айжанова өзін комедиялық актриса және әнші ретінде таныстырады. Оның айтуынша, Им Шиван Казахстаннан келген әртіспен танысқанына таңғалған.
«Өте сыпайы, жақсы адам. Кино мен ән саласын қатар алып жүргеніміз де ұқсас екен. Әзілдеп, Қазақстанға келем деп уәде берді», – деп жазды Жанар Айжанова жазбасында.
TikTok-та жарияланған ролик бірнеше сағат ішінде 500 мыңнан астам қаралым жинады. Комментарийлер астында желі қолданушылары актрисаны қолдап, жылы лебіздерін білдірген:
Жазба 2022 жылғы Пусан кинофестивалінде түсірілген. Сол кезде Жанар Айжанова ең үздік әйел рөл номинациясында бестікке енген болатын. Бұл архивтік сәттер актрисаның жанкүйерлерін ерекше қуантты.
Им Шиван – Оңтүстік Кореяның танымал актері мен әншісі. Ол әлемге «Кальмар ойыны» (Squid Game) сериалы арқылы танылды. Сонымен қатар музыкалық сахнада да белсенді.