«Бақыттың ерте-кеші жоқ»: танымал қазақстандық актриса тұрмысқа шықты

Автор: Нұргүл Абай

Күйеуі кім екені әзірге белгісіз

Фото: Ләйлә Сұлтанқызының жеке парақшасынан

Танымал актриса, кинопродюсер Құралай Анарбекова қалыңдық атанды. Сүйінші жаңалықты журналист Ләйлә Сұлтанқызы жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Бақыттың ерте-кеші жоқ. Құрбым, жақыным Құралай Анарбекова қалыңдық атанды. Ақжүрек, кең пейіл азаматың сені алақанында аялап өтетініне сенемін! Бір-бірін ұзақ күтіп, жолықтырған құрдастарға мәңгілік махаббат тіледім!», - дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Айта кетері, Құралай Анарбекова қалың көпшілікке «Брат или брак» фильміндегі басты рөлімен танымал.