Ол жөндеу жүріп жатқан үйін көрсетті
Әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова соттасып жүріп, әрең қайтарған үйінде жөндеу жұмысын бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Актриса төрт баласымен бірге жөндеу жүріп жатқан баспанасының ішінен сурет жариялады.
«Балаларға тосынсый жасаған күннен. Бұл күнді ұзақ күттік. Қанша жылдан пәтерден пәтерге көшіп, әбден әбігерге түссек те, үмітімізді үзбедік. Сондай кезеңде бала ересекте ерек болған төрт құбылам сабырлық танытып, жаныма жалау, көңіліме демеу бола білді. Бәрі артта қалды. Шүкір.
Әзірге рум-тур осындай болады. Әрине, бұл процеспен де осында бөлісіп отырамын. Жөндеу жұмысына білек сыбана кірісіп кеттік», - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
Айта кетейік, осыған дейін Қайрат Нұртастың әйелі үй алып, алаяққа алданар кезде күйеуін тыңдамағанын айтқаны хабарланған болатын.