Көпшілік баланың әрекетін ерекше жылы қабылдады
Әлеуметтік желіде беташар сәтінен ерекше кадр тарады. Онда келінмен бірге бір жас бала да сәлем салып, елді сүйсінтті. Қолына ақ орамал ұстап, салтқа сай сыпайы иілген кішкентай балақай көптің көңілін босатып, жұрттың жүрегіне жол тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кадрда көрінгендей, келіннің жанында тұрған кішкентай бала ақ орамалды ұстап, үлкендерге бірге иіліп сәлем салған. Көпшілік оны «беташардағы көмекші», «нағыз қазақ ұланы», «болашақ мырза күйеу» деп атап, жылы пікірлерін жарыса жазып жатыр.
Желі қолданушылары видеоға күлкіден көзіне жас келгенін жазып жатыр. Сонымен қатар мынандай да пікірлер кездеседі: