Әншінің қысқа жазбасы астарлы мағынасымен ерекшеленіп, желі қолданушыларының қызығушылығын оятты
Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында қысқа ғана жазба жариялап, оқырмандардың назарын аударды. Оның әйелге қатысты айтқан сөзі желі қолданушыларының арасында түрлі пікір туғызды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өнер иесі жазбасында астарлы мағынасы бар тіркесті қолданған.
«Әйел шешінбей, мәселе шешілмейді», – деп жазды әнші.
Алайда Төреғали Төреәлінің бұл сөзді қандай жағдайға байланысты айтқаны, нені меңзегені әзірге белгісіз. Әнші жазбасының мәнін ашып, қосымша түсініктеме берген жоқ.
Осыған байланысты оның жазбасы қандай ойды меңзегені және қандай мақсатпен жарияланғаны әзірге беймәлім.