Сериалда түрікті атақты актрисалары ойнайды
«Астана» телеарнасында жаңа телехикая басталды. «Қара гүл» деп аталатын сериал 26 қазаннан бастап, күнде кешкі сағат 20.00-де шығады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Жалпы, сериалдың сценарийі бір отбасының құпиясы, ананың қайсарлығы және тағдырдың күтпеген сынағына негізделген. «Астана» телеарнасы ұсынатын «Қара гүл» телехикаясында көрерменді шындық пен өтірік, махаббат пен сатқындық астасқан оқиғалар бар.
Бас кейіпкер Ербу есімді келіншектің күйеуі жоғалып кеткен соң, оның өміріндегі ең қиын кез басталатын көрінеді. Балаларымен жалғыз қалған ол күйеуінің туған жері – Халфетиге баруға мәжбүр болады. Алайда, бұл сапар оның өміріндегі ең үлкен құпияның бетін ашады.
«Ебру жылдар бойы өзі білмеген шындыққа куә болады. Өмірден өтті деп ойлаған тұңғыш ұлының тірі екенін білгенде оның тағдыры түбегейлі өзгереді. Енді ол балаларының болашағы үшін күресіп, отбасының өткеніне қатысты жұмбақтардың шешімін табуға тиіс», - дейді телеарна өкілдері.
Айтып өткеніміздей, 26 қазаннан бастап күн сайын сағат 20.00-де «Астана» телеарнасынан «Қара гүл» драмасы шығады.