Әнші Айжан Нұрмағамбетова ауруханаға түсті – ол палатасынан халыққа видео жолдаған

Автор: Бақыт Шынар

Әнші жүрегін емдеткен

Фото: скриншот

Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы әлеуметтік желіге ауруханада жатқан әнші Айжан Нұрмағамбетованың видеосын тартатты. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері жүрегін тексертіп жүр екен, деп жазады Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, әнші Алматы қалалық кардиологиялық орталығында ем қабылдаған. Ал өзінің айтуынша, бұл орталық кезінде оның анасын да емдеген екен.

«Тағдырдың жазуымен осы орталыққа түстім. Кезінде бұл аурухана менің анамды да емдеген еді. дәрігерлердің кәсіби деңгейі биік, маған өте жақсы қарады. Сол үшін алғыс айтамын», - деген әнші өзін емдеген әрбір дәрігердің аты-жөнін айтып, алғыс білдірген.

Жалпы, әншінің айтуынша, бұл орталық кезінде оның анасын да, композитор құрбысын да аман-есен емдеп шығарған екен.