«Біреудің мінін көргенше...»: Түркияға кеткен Аша Матай оқырмандарын ойландырып қойды

Автор: Алмас Ерсін

Ол әлеуметтік желіде қыздарымен түскен суреттерін де жариялады

Фото: instagram.com/asha_matai

Қазақстандық тележүргізуші әрі актриса, көпшілікке Аша Матай есімімен танылған Ақбота Асқарбекова Түркиядағы демалысынан суреттерімен бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өнер иесі отбасымен бірге Белек қаласында демалып жүр. Ол күн шуағына бөленген демалыс сәттерін Instagram парақшасында жариялады.

Жарияланған кадрлардың бірінде Аша Матай жағажай киімімен суретке түскен. Сондай-ақ фотолардан оның екі қызын да көруге болады.

Өнер иесі жазбасында Шәкәрім Құдайбердіұлының өлең жолдарын мысалға келтіріп, өзгелердің кемшілігін іздегенше, өзін дамытуға көңіл бөлуге шақырды.

«Өзгенің кемшілігін іздегенше, өзімізді дамытып, жан дүниемізге көңіл бөлейік. Әр күнімізді жақсылыққа, әр сәтімізді қуанышқа толтырайық.
Баршаңызға жан тыныштығын, көтеріңкі көңіл күй мен мол күш-қуат тілеймін!», – деп жазды ол.