Қазақстанда Iphone-ның жаңа үлгісі 25 қыркүйектен бастап сатылымға шығады
Бүгін, 18 қыркүйектен бастап Apple әлем бойынша жаңа Iphone үлгісінің кезекті сатылымын бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желіде Apple-дің ресми дүкендерінен бірнеше сағаттап кезекте тұрған тұтынушылардың видеосы тарап жатыр. Әлемде жаңа үлгідегі смартфонды ең бірінші болып сатып алған жігітті желіде хитке айналды. 65-тен астам елде Iphone-ның қолданушылары жаңа смартфонды дүкен сөрелерінен ала алады.
Ал Қазақстанда Iphone-ның жаңа үлгісі 25 қыркүйектен бастап сатылымға шығады.