Баян Алагөзованың қызы өгей әкесіне сирек кездесетін қымбат автокөлікті сыйға тартты ма (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Кәсіпкерге 5 жыл бұрын шыққан Cadillac de Ville 1981 автокөлігі сыйға берілген

Фото: Айсәуле Бақытбектің әлеуметтік желідегі парақшаларынан алынды

Белгілі продюсер Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле Бақытбек анасының қазіргі күйеуі кәсіпкер Тұрсын Алагөзовке сыйға берілген қымбат көлікті көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айсәуле Бақытбектің айтуынша, 45 жыл бұрын шыққан Cadillac de Ville 1981 автокөлігі сыйға берілген. Бұл көлікті кімнің сыйға бергені әзірге белгісіз.

Мәліметтерге сүйенсек, қазіргі уақытта АҚШ пен Еуропаның аукциондарында 1981 жылғы Cadillac de Ville-дің бағасы жағдайына қарай 6 мың доллардан 25 мың долларға дейін, ал өте аз жүрілген, көрмелік күйдегі сирек сериялары 35000 – 45000 доллар шамасында бағаланады.

Айта кетейік, кәсіпкер Тұрсын Алагөзов бүгін 56 жасқа толып отыр.