Динара Сәтжан Астанада ұлына дүркіретіп той жасады (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Тойға қазақстандық шоу-бизнестің танымал өкілдері қатысты

Фото: instagram.com/aigulmukei

Қазақстандық тележүргізуші әрі журналист Динара Сәтжан ұлы Даниалды үйлендірді. Дүркіреп өткен той Астанада ұйымдастырылып, оған қазақстандық шоу-бизнестің көптеген жұлдызы қатысты,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кешті актер Қайрат Әділгерей мен шоумен Ринат Сафаргулов жүргізді. Қонақтарға Қарақат Әбілдина, Назима, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы, Қайрат Нұртас және басқа да өнерпаздар ән шырқады. Музыкалық бағдарлама кеш бойы жалғасты. Тойдың құпия қонағы рэпер Jah Khalib болды.

Динара Сәтжан ұлының үйлену тойы туралы жазда айтқан еді. Сол кезде ол Даниалдың сүйіктісі Айнұрға үйленуге ұсыныс жасағанын хабарлаған. Тележүргізуші келінімен төрт жылға жуық уақыттан бері таныс екенін және ұлының таңдауының дұрыс екеніне көзі жеткенін айтқан.

Тойға Сәтжанның жақын құрбысы Баян Алагөзованың қыздары Айсәуле мен Айару Бақытбек те қатысты. Ал Баян Алагөзованың өзі тойдан байқалмады. Оның салтанатты кешке не себепті қатыспағаны белгісіз.