«Армандарым мені алысқа алып кетті...»: Димаш Құдайберген Ақтөбеге оралып, ерекше жаңалығын жария етті

Автор: Бақыт Шынар

Әлемдік деңгейде танылған әнші қалада бейнебаян түсіреді

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Қазақстанның Халық әртісі, әлемдік деңгейдегі әнші Димаш Құдайберген туған қаласы Ақтөбеге келіп, жаңа клипін түсірмек, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасына жазған.

«Ақтөбеден сәлем. Жасөспірім кезімде армандарым мені алысқа алып кетті. Бірақ әр жолдың бастауында туған жер тұрады. Араға жылдар салып,туған жерге табан тіреп келіп қалдым. Бұйырса Ақтөбеде 3 күннен соң жаңа клип түсіремін», - деп жазды Димаш Құдайберген.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Испанияда Димаш Құдайберген туралы фильмнің тұсаукесері өткен болатын.