Танымал продюсер әлеуметтік желіде отбасымен өткізген әсерлі сәттерін бөлісті
Продюсер әрі актриса Баян Алагөзова Instagram парақшасында Франциядағы отбасылық серуеннен видео жариялады. Кадрларда ол жұбайы, кәсіпкер Тұрсын Алагөзов және кенже қызы Алисамен бірге бейнеленген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жарияланған видео оқырмандардың жылы ықыласына бөленді. Желі қолданушылары Алагөзовтер отбасына қатысты көптеген жағымды пікір қалдырған.
«Мінсіз», «Күшті әрі сұлу әйел», «Бұрын қол ұстасып жүрсе, енді бақыттарын құшағына басып жүр», «Бақыттарыңыз баянды болсын», – деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.