Қазақ қызы Голливудты бағындырды: Мадина Бейсекеева Lady Gaga-мен билеп, Педро Паскальмен басты рөлді сомдады

Автор: Темірхан Айжан

Мадина Бейсекееваның өнері жұртты тамсандырды 

Фото: скрин

Қазақстандық биші, хореограф Мадина Бейсекеева әлемдік шоу-бизнесте танымал болды. Ол америкалық хит-шерулердің жұлдыздары Lady Gaga мен Doechii-дің «RUNWAY» атты бірлескен клипіне түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мәңгілік кумирім Пэррис Гобелдің жобасына қатысу менің арманым еді. Осындай деңгейдегі адамдармен жұмыс істеуді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Леди Гагамен бір сахнада билеу?! Бұл нағыз ғажайып!», - деп жазды биші.

Айта кетейік, бұл композиция аты аңызға айналған «Дьявол носит Prada» фильмінің сиквеліне ресми саундтрек ретінде таңдалған. Мадина түсірілім алаңында өзінің кәсіби шеберлігін көрсетіп, жоғары деңгейдегі хореографиялық дайындығын байқатты.

Сонымен қатар, отандасымыз АҚШ-тың ұлттық телеарналарынан көрсетілетін ауқымды жарнамалық жобаға қатысқан болатын. Ол бейнероликте Голливуд жұлдызы Педро Паскальмен бірге басты рөлдердің бірін сомдап шықты.