«Өзімді кешіре алмаймын»: Мақпал Исабекова күтпеген мәлімдеме жасады

Автор: Алмас Ерсін

Өнер иесі аналық алаңдаушылығын жасырмай, жан сырын ақтарды

Фото instagram.com/makosyai

Қазақстандық әнші Мақпал Исабекова кішкентай қызына байқамай ауыртып алған сәті туралы және сол жағдайдан кейінгі көңіл күйі жайлы жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі stories-те жазды.

«Күн өте көңілді басталған еді... Балалармен үшеуіміз матраста билеп, секіріп жүргенбіз. Бір сәтте Илayaны қолынан байқамай қаттырақ тартып қалыппын, ол бірден жылап, қолын көрсетіп: “Ауырды, мама” деді. Сол сәтте жүрегім езіліп кетті. Өзім де бірге жылап жібердім. Тез жиналып, травмпунктке кеттік. Жол бойы Илaя жылады, мен де жыладым. Құдай-ау, өзімді қалай сөктім, қалай ұрыстым десеңізші... Әлі күнге дейін отырып алып жылаймын, оған қарап тұрып өзімді аяймын, күшімді есептемегеніме өкінемін... Ұзын сөздің қысқасы – қолы шығып кеткен екен. Кешірші мені, қызым. Өзімді қоярға жер таппай отырмын, жылап отырсам, ол маған: “Мама, жылама” дейді. Сосын келіп сүйеді. Жүрегім өкініштен шынымен ауырып тұр», – деп жазды әнші.

Қазақстандық әнші Мақпал Исабекованың екі баласы бар: ұлы Теодор (2022 жылдың маусымында туған) және қызы Илaя (2024 жылдың шілдесінде туған). Өнер иесі әлеуметтік желілерде ана ретіндегі өмірінен жиі бөлісіп тұрады.