Суретке әртүрлі пікір жазылып жатыр
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелімен бірге түскен фотосы алғаш рет жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның Айман есімді жары өз парақшасына суретті жүктеп, жазба қалдырған.
«Өмірден шын не қалайтынын білетін адамдарға басқалардың ойы маңызды емес»,- дейді ол.
Әлеуметтік желіде оларға бақыт тілегендер де, кінә тағып жатқандар да бар.
Бұған дейін, Мөлдір Мұқан Тұрсынбек Қабатовпен ресми түрде ажырасқанын мәлімдеген еді. Олардың ортақ некеден 5 баласы бар. Ал екінші отбасында 3 бала тәрбиеленіп жатыр.