Тойдағы тойбастар да ерекше болған
Блогер Елдос Қадіржанов көптен күткен ұлының шілдеханасын дүркіретііп тойлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Осы күнді 10 жыл күттім. Аллаға шүкір осы күнге жеттік. Баршаңызға мың алғыс. Құттықтауларыңызға рахмет», - деп жазды ол.
Блогерлердің тойында 91 тобының солисі, блогердің ұлымен аттас ALEM ән шырқаған. Сондай-ақ ол тойбастарға балаларға арналған арба таратты.
«Осы тойды армандағанымда тойымда «Тойбастарды» дәл осылай шығарамын деп қиялдайтынмын, арманыма жеттім», - деп жазды ол.
Еске салсақ, блогерлер 10 жыл бойы сәби сүюді армандап, биыл ата-ана атанған еді.