«Тұншықтырып жүріпсіз»: Мөлдір Мұқанова тағы бір ән жазды

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол ән үзіндісін бөлісті

Фото: instagram.com/moldir.mt

Продюсер Мөлдір Мұқанова тағы бір жаңа әнінің ұзіндісін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қолдап жатқандарыңызды көріп, жаңа әніміздің осы нұсқасымен де бөліскім кеп кетті. Жақсы көремін сіздерді, туысымдай болып кеткен алтын оқырмандарым», - деп жазды ол.

Мұқанованың оқырмандары оны қолдаған.

«Күннен күнге супер болып барады әндеріңіз от. Қалай ішіңізде тұншықтырып жүргенсіз... Мынадай дауысты, өнерді. Тұрсынбек бармағын тістесін, арықтап алыңызшы», - деп жазған олар.