«Арам тамақ жеген»: Мөлдір Мұқанова Қайрат Әділгерейдің әйеліне жауап берді (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол Қайрат Әділгерей «Әзіл әлемі» арқылы танылды деп санайды 

Фото: видеодан скриншот

Продюсер Мөлдір Мұқанова Қайрат Әділгерейдің әйелі Бақыт Тұрманның сынына жауап берді, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Тұрсынбек Қабатов танымал болып тұрғанда үйінен шай да бере алмаған. Мені сыйламай-ақ қойсын, Тұрсынбекті сыйлауы керек. Себебі, Тұрсынбек оның күйеуіне жұмыс берді, атын шығарды. Күйеуі сол тапқан табысын үйіне апарды. Оның әйелі, бала-шағасы жеді. Сонда қайтарымы осы сөз болғаны ма? Жеген тағамы арам болып кетті ғой. Қайрат Әділгерей Тұрсынбек Қабатовтың «Әзіл әлемі» театры арқылы танылған деп 100 пайыз айта аламын. Енді әйелінің жасап отырған бұл ісі - өз деңгейінің төмендігі», - дейді Мөлдір Мұқанова.

Осыған дейін Қайрат Әділгерейдің жары Бақыт Тұрман Мөлдір Мұқанованың алғашқы фильмі жайлы пікірін айтқан. Кейін ол өзінің жұбайы Тұрсынбек қабатовтың жобасы арқылы емес, «Түнгі студия» арқылы танылғанын жеткізген еді.