Апаттың себебі анықталып жатыр
Словакияның шығысында дүйсенбі күні екі жедел пойыз соқтығысып, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
AP news мәліметінше, екі адамның жағдайы ауыр. Апат Рожнява қаласы маңында жергілікті уақытпен сағат 10:00-де болды. Пойыздарда шамамен 80 жолаушы отырған.
Ішкі істер министрі Матуш Шутай-Эштоктың айтуынша, екі адам ауыр зардап шекккен, қалғандары жеңіл жарақат алған. Оқиға орнынан түсірілген кадрларда бір локомотивтің алдыңғы бөлігі қатты зақымданып, екіншісі рельстен шығып кеткен.
Билік апат себептерін тергеуді бастады. Министр бұл апатқа адам факторы себеп болуы мүмкін екенін айтты.