Кейін жарық генератор күшімен қайта қосылған
Украина президенті Владимир Зеленскийдің The Guardian басылымына берген сұхбаты кезінде Киевтегі Мариин сарайында жарық өшіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Материалда айтылғандай, электр қуаты саясаткер мен журналистің әңгімесі басталғаннан кейін бірнеше минут өткен соң өшкен. Біршама уақыттан кейін жарық резервтік генератордың арқасында қайта қосылды.
Зеленский содан кейін сәл күлімсіреп, бұл жағдайды Украина астанасында өмір сүрудің бір бөлігі ретінде сипаттады.
«Бұл қалыпты жағдай. Бізде, Киевте де, барлық жерде де электр қуатының уақытша үзілуі болады», - деді президент.