$ 530.15  617.47  6.64
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.10.2025, 02:03
Әлем

Регбиден Қазақстан құрамасы Омандағы турнирде топ жарды

Жерлестеріміз барлық кезеңде жеңіске жетіп, турнир чемпионы атанды

Регбиден Қазақстан құрамасы Омандағы турнирде топ жарды
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Регбиден Қазақстан ұлттық құрамасы Оман астанасы Маскат қаласында өткен Asia Rugby Emirates Men’s Sevens Trophy 2025 турниріне қатысып, 15 команданың ішінен үздік шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қзыметіне сілтеме жасап.

Бәсеке топтық кезең, плей-офф, ширек финал, жартылай финал және финал форматында өтті. Қазақстан құрамасы өз тобында Қырғызстан, Сауд Арабиясы және Қатар командаларымен сынға түсіп, барлық қарсыласынан басым түсті. Сөйтіп, топта бірінші орынмен сенімді түрде knockout кезеңіне жолдама алды.

Топтық кезең (1-күн, 25 қазан):

  • Қазақстан – Қырғызстан: 44:0
  • Қазақстан – Сауд Арабиясы: 27:0
  • Қазақстан – Қатар: 34:7
  • Плей-офф кезеңі (2-күн, 26 қазан):

Жартылай финал: Қазақстан – Ауғанстан: 41:0

(Екінші жартылай финалда Үндістан Сауд Арабиясын 17:0 есебімен жеңді.)

Финал: Қазақстан – Үндістан: 27:0 – шешуші матчта да біздің спортшылар қарсыласына мүмкіндік бермей, сенімді жеңіске жетті.

Осылайша Қазақстан құрамасы турнирдің бас жүлдесін еншілеп, Asia Rugby Sevens Series турнирінің 1-дивизионына жолдама алды. Бұл алтын медаль регбиден Қазақстан құрамасын Азияның үздік командалары қатарына қайта қосты. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан мен Үндістан жоғары дивизионға көтерілсе, ал Өзбекстан мен Қытай Тайбэйі төменгі дивизионға түсіп қалды.

Серіктес жаңалықтары