Оқиға 26 қыркүйекте Кемер курортында болған
Антальяда ресейлік туристі катер қағып кетті. Әйел сол жерде жантәсілім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдын ала мәліметке сәйкес, 42 жастағы Линария Музипова теңізге шомылып жүріп, тыйым салынған жерге өтіп кеткен. Сол сәтте теңіз үстінде парашютпен ұшыру қызметіне көрсететін катер жоғары жылдамдықпен келіп, туристі қағып кеткен.
Куәгерлер дереу құтқару қызметін шақырған. Дәрігерлер әйелдің қаза тапқанын растады.
Қазіргі таңда катердің капитаны мен компания иесі ұсталды. Трагедия болған аймақта кемелердің жүруіне уақытша тыйым салынғаны хабарланды.