Ол туыстарымен сөйлесіп, неге олай жасағанын түсіндіруге тырысты
Оңтүстік Африка Республикасының Дурбан қаласында 32 жастағы Табо Нзиманде оңалту орталығынан шығып, 80 жастағы әжесінің басын кесіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Mirror басылымының мәліметінше ер адам алдымен қарт әжесіне бірнеше рет пышақ сұғып, оның басын кесіп алған, содан кейін футбол добы секілді бір тепкен.
Әйелдің мәйіті қылмыс болған жерден табылды, ал Табо келесі күні қамауға алынды. Ол ұсталған кезде үсті-басы қан болған. Ол туыстарымен сөйлесіп, неге олай жасағанын түсіндіруге тырысты.
«Одан не үшін бұлай істедің деп сұрадық. Ол: «Мен солай істеуім керек болды!» деп айқайлады. Анам жұмыс істемейтіндіктен оған күні бойы қарап отыратын. Мен тәулік бойы үйде болмайтындықтан жиенімді бағу маған қиын соғады деп ойлады», - дейді жәбірленушінің қызы.
Сондай-ақ ол әжей қашанда қол ұшын созып, оған киім-кешек алып беріп, оқуына ақша төлеп келгенін атап өтті. Олардың арасындағы жанжалға наркологиялық тест қорытындысы себеп болған. Психозға шалдыққан Табоның оңалту орталығында емделіп шыққаны белгілі болды.
Бұған дейін сотталушының мүддесін қорғаған адвокат берілген жауаптар сәйкес келмегендіктен онымен жұмыс істеуден бас тартты, соған қарамастан сот процесі жалғасып жатыр.