Ал саяси міндеттерді адам атқарады
«Жаңғыру жолы» деп аталатын жас жапондық саяси партия жасанды интеллектіні өз көшбасшысы ретінде таңдаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy japantimes-қа сілтеме жасап.
Жасанды интеллекттің формалды рөлін Киото университетінің 25 жастағы студенті Коки Окумура атқарады. Оның айтуынша, ЖИ партия мүшелерінің саяси қызметіне жөн сілтемейді, тек ресурстарды бөлу сияқты ішкі шешімдерге көмектеседі.
Партияны 2025 жылдың қаңтарында Хиросима префектурасындағы Акикатака қаласының бұрынғы мэрі Синдзи Исимару құрған болатын. Ол 2024 жылы Токио губернаторы сайлауында онлайн-кампаниясының нәтижесінде күтпеген жерден екінші орын алып, көпшіліктің назарын аударды. Алайда биылғы Жоғарғы палата сайлауында партия бірде-бір орын ала алмай, Исимару отставкаға кетті.