Өтінімдер 19 қыркүйекке дейін жалғасады
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында жастарға жаңа мүмкіндік сыйлайтын жобаға өтінімдер қабылданып жатыр, деп жазады Azattyq Rýhy.
Мәдениет және ақпарат министрлігі 2021 жылдан бері жастардың шығармашылық және әлеуметтік бастамаларын қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын ұсынып келеді. Бұл жоба мемлекет тарапынан жастарға берілетін ең ірі қолдау құралдарының бірі саналады.
2025 жылдың 16 маусымы мен 18 тамызы аралығында грантқа қатысуға 1 391 өтінім түсті. Оның ішінде:
Тексеру барысында 186 өтінім ресми түрде қабылданып үлгерді. Алайда 5 қыркүйек күні таңғы сағат 5:00-де Gmail платформасындағы техникалық ақауларға байланысты өтінім қабылдауға арналған электронды пошта бұғатталды. Оны қалпына келтіру үшін IT мамандар Google әкімшілігімен жұмыс істеді, алаяда, әрекеттер сәтсіз аяқталды.
Қайта қабылдау тәртібі
Осыған байланысты ұйымдастырушылар 2025 жылдың 9–19 қыркүйек аралығында жаңа өтінімдерді T.ZAIAVKA2025@BK.RU поштасы арқылы қабылдайтынын хабарлады. Құжаттар түнгі сағат 24:00-ге дейін жіберілуі тиіс. Бұған дейін қабылданған 186 өтінім иелеріне қайта жіберудің қажеті жоқ.
Грант көлемі мен қатысу шарттары
Биыл республикалық деңгейде 30 жоба таңдалып, әрқайсысы 3 миллион теңгеден қаржылай қолдауға ие болады. Грантқа 14 жастан бастап 35 жасқа дейінгі (34 жасты қоса алғанда) Қазақстан азаматтары қатыса алады.
Жобалар алты бағыт бойынша қабылданады:
Қажетті құжаттар тізімі
Өтінім беру үшін үміткерлер келесі құжаттарды дайындауы тиіс:
«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты – елдің шығармашыл әрі белсенді жастарына үлкен мүмкіндік. Бұл бастама жастардың жаңа идеяларын жүзеге асырып, қоғамның дамуына үлес қосуына жол ашады.