30 жылдан кейін Армения мен Әзербайжан әуе қатынасын қайта бастады

Автор: Дәулет Ботагөз

Екі ел бір-бірінің әуе кеңістігін пайдалана бастады

Фото: © istockphoto.com

Армения мен Әзербайжан үш онжылдықтан соң бір-бірінің әуе кеңістігін пайдалана бастады. Бұл қадам екі ел арасындағы Нагорный Қарабаққа байланысты ұзаққа созылған қақтығыстан кейін жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Армения үкіметінің ресми өкілі Назели Багдасарянның мәліметінше, 31 тамызға қараған түні премьер-министр Никол Пашинян шетелге ұшқанда және кері қайтқанда Әзербайжан әуе кеңістігін пайдаланған.

Тараптардың ресми ұстанымы

«Біз бұл оқиғаны өңірдегі коммуникацияларды ашуға, бейбіт күн тәртібін ілгерілетуге және өзара сенім атмосферасын қалыптастыруға жасалған нақты қадам деп санаймыз», – деді Армения премьерінің баспасөз хатшысы.

Сонымен қатар ол Әзербайжан әуе компаниялары ұзақ уақыттан бері Армения аумағы арқылы Нахичеваньға ұшып жүргенін атап өтті.

Әуе рейстері қашан басталды?

Армяндық БАҚ-тың дерегінше, армян авиакомпаниялары Әзербайжан әуе кеңістігін бір апта бұрын пайдалана бастаған; «Әзербайжан әуе желілері» де Армения арқылы рейстер орындайды.