29.08.2025, 17:46
Әлем
Трамп Қазақстанның шетелдегі бітімгерлеріне казарма салатын ақшаны қысқартып тастады
Оған 3 млн доллар бөлінуі керек еді
Фото: Instagram/realdonaldtrump
АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі шетелдік көмек көлемін тағы $5 млрд-қа азайтуға ниетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
New York Post дерегінше, қысқарған қаржының $3,2 млрд-ы АҚШ-тың халықаралық даму агенттігіне (USAID) бөлінуі тиіс болған. Қалған бөлігі мемлекеттік департаменттің түрлі қорларына қарастырылған.
Қаржыдан айырылған жобалар:
- $24,6 млн – Гондураста климаттың өзгеруімен күреске,
- $3,9 млн – бұрынғы Югославия елдерінде ЛГБТ идеологиясын ілгерілетуге,
- $2,7 млн – Оңтүстік Африкадағы демократияны дамыту қорына бағытталуы тиіс еді.
АҚШ басылымдары атап өткендей, бұл қорлардың кейбір жобалары қоғамда даулы пікір тудырған.
Сонымен қатар АҚШ бюджетіне $838 млн қайта қайтарылады. Бұл қаржы БҰҰ-ның Орталық Африка Республикасы мен Конго Демократиялық Республикасындағы бейбітшілік миссияларын қолдауға бөлінген еді.
Қысқартуға іліккен шығындар қатарында:
- Уругвайдан шыққан бітімгерлерге арналған $11 млн-ға бронетранспортер сатып алу,
- Замбияда оқу орталығын құруға бөлінген $4 млн,
- Қазақстаннан жіберілген бітімгерлерге казарма салуға жоспарланған $3 млн бар.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 09:32
Ел дамуына үлес қосу – әр азаматтың парызы: жастар орталығының директоры ұлттық мерекенің маңызы туралы айтты
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды