Ресей-Украин қақтығысы күн тәртібінде бар
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский арасындағы ресми кездесу бүгін Астана уақытымен 20:15-те басталып, бір сағатқа созылады. Бұл ақпаратты Ақ үй жариялаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сағат 22:00-де АҚШ президентінің еуропалық мемлекеттер көшбасшыларымен көпжақты кездесуі жоспарланған.
Оған Франция президенті Эммануэль Макрон, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер, Германия канцлері Фридрих Мерц, Италия премьер-министрі Джорджа Мелони қатысады. Сондай-ақ Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен де жиынға қатысуға ниет білдірді.
Трамп пен Зеленскийдің жеке кездесуі ең алдымен ресей-украин қақтығысын реттеу мәселесіне арналады. Тараптар қазіргі ахуалды талқылап, ықтимал шешім жолдарын қарастыруды мақсат етеді.