Трамп бұл туралы Еуропа көшбасшыларымен телефон арқылы сөйлескен
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленскиймен үшжақты кездесу өткізуді ұсынды. Axios кездесу 22 тамыз күні өтуі мүмкін екенін жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақпарат көздерінің айтуынша, бұл бастама Трамптың Еуропа көшбасшыларымен телефон арқылы сөйлескен кезінде көтерілген.
Axios дерегінше, Аляскадағы саммиттен кейін Трамп Еуропалық одақ өкілдерімен байланысып, Путин мен Зеленскийді Вашингтонда қабылдауға ниетті екенін жеткізген.
«Ол еуропалық көшбасшыларға Путин және Зеленскиймен үшжақты кездесу өткізгісі келетінін мәлімдеді. Бұл бастама келесі жұмаға жоспарланып отыр», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар келесі дүйсенбі күні АҚШ астанасында Дональд Трамп, Владимир Зеленский және Еуроодақ өкілдерінің қатысуымен бөлек келіссөздер өтетіні белгілі болды.