Сәби мерзімінен бұрын туған
«20 Қаңтар» метро станциясында әйел адам босанды. 19 жастағы Асмер Магеррамова мен оның жаңа туған сәбиі республикалық клиникалық ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дәрігерлер дереу қажетті көмек көрсетті. Анасы жүктілік патологиясы бөлімшесіне түскен, қазір жағдайы тұрақты. Метро станциясында оны қызметкерлер босандырып алған. Кейін жедел жәрдем көлігі жеткен.
Ұл бала 36-аптада, мерзімінен бұрын дүниеге келген. Салмағы – 2,2 кг, бойы – 47 см. Қазір ол дәрігерлердің тәулік бойы бақылауында, қарқынды терапия бөлімшесінде жатыр.
TƏBİB мәліметінше, баланың жағдайы біртіндеп жақсарып келеді. Алайда талдаулар инфекция белгілерін көрсеткен, сондықтан оған қарқынды ем тағайындалған.
Анасының жағдайы да тұрақты, емін жалғастырып жатыр.