Олардың арасында Түркия мен Пәкістаннан қайтып келгендері де бар
Ауғанстанның босқындар және репатриация істері жөніндегі министрлігі соңғы үш ай ішінде Ираннан шамамен 1,8 миллион босқынның елге оралғанын жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрдің орынбасары Мауләуи Абдул Рахман Рашидтің мәліметінше, соңғы төрт айда Ауғанстанға:
«Қазір әлем бойынша шамамен 6 миллион ауған азаматы босқын мәртебесінде шетелде өмір сүруде, ал ел ішінде 2,5 миллион адам ішкі қоныс аударушы санатында», – деді ол.
Министрліктің мәліметінше, елге оралған босқындар мен ішкі қоныс аударушыларды қолдау мақсатында өткен жылы 125 өзара түсіністік туралы меморандум жасалған. Бұл құжаттар ауған және халықаралық ұйымдармен жасалып, жалпы 78 миллион АҚШ долларынан астам қаражатты қамтыған.
Ауғанстанның уақытша үкіметі шетелдегі азаматтарды елге оралып, мемлекетті қалыпқа келтіруге үлес қосуға шақырды.