Сот отырысы 75 рет өткен
Үндістанның Бомбей Жоғарғы соты 2006 жылы Мумбай қаласындағы пойыз апатына кінәлі делінген 12 адамды толық ақтады. Сол жылғы болған терракттан 187 адам қаза тауып, 800-ден астамы жараланған еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасап.
2015 жылы сот 5 адамды өлім жазасына, ал қалған 7 адамды өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарған болатын. Алайда Жоғарғы сот бұл үкімдерді жойды, себебі айыптау тарапы айыптарды дәлелдей алмаған.
Теракт 2006 жылдың 11 шілдесінде Мумбай маңындағы пойыздарда кешкі қарбалас уақытта болды. 7 бомба ыдысқа салынған күйде арасына 6 минуттан салып, жарылды. Апаттар Матунга, Кхар, Махим, Джогешвари, Боривали және Мира-Роуд аудандарындағы пойыздарда болды. Бомбалар бірінші класты вагондарға бағытталған.
Индияның қауіпсіздік қызметтері бұл шабуылды Пәкістанмен байланысы бар исламшыл содырлар ұйымдастырды деп мәлімдеген, бірақ Пәкістан билігі мұны жоққа шығарған. Аталған 12 адам 2006 жылдан бері қамауда болды. Олардың ішінде өлім жазасына кесілген Камал Ансари 2021 жылы COVID-19 сырқатынан қайтыс болған.
2024 жылы Бомбей Жоғарғы соты істі қайта қарап, 75-тен астам сот отырысын өткізіп, 92 айыптау және 50-ден астам қорғау куәгерлерін тыңдады. Ақырында, куәгерлердің сөзі сенімсіз деп танылып, айыпталушылардың мойындау мәлімдемелерінің шынайылығына күмән келтірілді. Сондай-ақ заттай айғақтардың сақталуы тиісті стандарттарға сай болмағаны анықталды.
Жоғарғы сот шешімі 667 беттен тұрады. Прокуратура бұл шешімге жоғары тұрған сотқа шағымдануы мүмкін. Ал құрбандардың туыстары сот шешімін күйінішпен өткізгендерін мәлімдеді.