Бангкокта «Кальмар ойынындағы» аттракцион орнатылды (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Аттракцион сериалдың үшінші маусымындағы сахнаны елестетеді

Фото: видеодан скриншот

Бангкокта танымал «Кальмар ойыны» шоуының үшінші маусымында көрініс тапқан жаңа аттракцион пайдалануға берілді, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.

Әйгілі Ват Сутхат Тхеп Варарам ғибадатханасы мен алып әткеншектердің жанында секірме ойынына қатысатын үлкен – 12 метрлік қуыршақтар орнатылды.

Аттракцион сериалдағы көріністі елестетеді, фильмде кейіпкерлер мүсіндердің өздері айналдыратын алып арқанның үстінен секіреді.

Бұл аттракционда өлім қаупі жоқ, тек көңіл көтеру үшін қойылған. Дегенмен ойынға жеңіл-желпі қарағандар жарақат алып қалуы мүмкін. Оған әлеуметтік желілерде таралған видеолар дәлел.