Полицейлер қолы босамай жатқанын алға тартып, көмектесуден бас тартқан
Лондонда 48 жастағы Миа Форбс Пири мен 62 жастағы Марк Симпсон полицияның әрекетсіздігі салдарынан өз көлігін ұрлауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
LBC басылымының мәліметінше ерлі-зайыпты көлігі ұрланғанын таңертең ерте байқаған. Олар ұрылар Jaguar E-Pace көлігін жүк көлігіне тиеп, алып кетті деп болжайды. Кейінірек көршілер түнде оғаш дыбыс естігенін айтқан.
«Ерлі-зайыпты полицияға көлікке ұрлыққа қарсы құрылғы орнатылғанын, сондықтан ол басқару панеліндегі белгілі бір түймелерді басқаннан кейін ғана оталатынын жеткізген. Сонымен қатар бұл құрылғының көмегімен көліктің қай жерде тұрғанын анықтауға болатынын айтқан», - деп жазды басылым.
Бірақ полицейлер қолы босамай жатқанын алға тартып, көмектесуден бас тартады.
Содан амалы таусылған Пири мен Симпсон мәселені өз қолына алып, көліктің орналасқан жерін іздеп тауып, үйіне алып кетуге мәжбүр болды. Ұрылар көлікті оталдыру үшін оның салонына зақым келтіргені анықталды.