Колумбияда 15 жастағы жасөспірім президенттікке үміткерге оқ атты

Автор: Дәулет Ботагөз

Оқиға сайлауалды шара кезінде болды

Фото: ВВС

Колумбияда президенттікке үміткер Мигель Урибеге қастандық жасалды. Оқиға Фонтибон қаласында сайлауалды шара кезінде болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy РБК ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Көпшіліктің көзінше жасалған шабуыл

Сенатор Мигель Урибе халықпен кездесіп тұрған сәтте белгісіз біреу үш рет оқ атқан. Алдын ала мәлімет бойынша, бір оқ саясаткердің басы мен мойнына тиген. Ол дереу ауруханаға жеткізілді, қазіргі күйі – ауыр.

«Бұл – елге және демократияға жасалған қастандық»,– деді Колумбияның Қорғаныс министрі Педро Санчес.

Күдікті – 15 жастағы жасөспірім

Кейінірек Богота мэрі Карлос Фернандо Галан күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді. Тергеу барысында белгілі болғандай:

  • Күдікті – 15 жастағы жасөспірім
  • Ол шабуыл кезінде аяғынан жараланған
  • Оның қолынан 9 мм калибрлі тапанша тәркіленді
  • Қазір ол да ауруханада

Құқық қорғау органдары қылмыстың себептерін анықтап жатыр. Билік күдіктінің кім екеніне қатысты ақпарат бергендерге 3 мың доллар сыйақы жариялады.

Урибе кім?

Мигель Урибе Турбай – Колумбиядағы оппозициялық «Демократиялық орталық»партиясының атынан президенттікке үміткер. Бұл партияны экс-президент Альваро Урибе құрған.

  • 39 жаста
  • Колумбияның бұрынғы президенті Хулио Сесар Турбайдың немересі (1978–1982)
  • Анасы – журналист Диана Турбай Кинтеро, 1991 жылы Пабло Эскобар картелінің операциясы кезінде қаза тапқан.