Оның ішінде 4 адам болған
Оңтүстік Кореяда әскери-теңіз күштерінің патрульдік ұшағы апатқа ұшырап, бортта болған төрт офицер қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Yonhap агенттігінің хабарлауынша, ұшақ бейсенбі күні жергілікті уақытпен сағат 13:49-да елдің оңтүстік-шығысындағы тауға соғылған. Куәгерлер таудың үстінен көтерілген түтінді көріп, жарылыстың дыбысын естіген.
«P-3 теңіз авиациясының ұшағы Пхохан қаласындағы әуе базасынан сағат 13:43-те ұшу мен қону жаттығуларын орындау үшін ұшып шыққан. Белгісіз себеппен ұшақ шамамен 13:49-да жақын маңда апатқа ұшырады», – деп хабарлады Әскери-теңіз күштері.
Ұшақ бортында төрт адам болған – екі офицер және екі кіші офицер, бәрінің мәйіті табылды.
Оқиғаның себептерін анықтау үшін Әскери-теңіз күштері арнайы тергеу тобы құрылып, P-3 ұшақтарының уақытша ұшпайтынын мәлімдеді. тұрғындар арасында зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Президенттің міндетін атқарушы Ли Джу Хо апат туралы Қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Ким Сон Ходан хабар алған соң, жолаушыларды құтқару және қоршаған ортаға келетін ықтимал зиянды азайту үшін барлық шараны қабылдауға шақырды.
Әскери-теңіз күштері 16 P-3 ұшағын пайдаланады, оларды «сүңгуір қайықтарды жойғыш» деп те атайды. Бұл ұшақтардың алғашқы сегіздігі 1995 жылы пайдалануға берілген. Ал қалған сегізін Korea Aerospace Industries Ltd. компаниясы жаңартып, қолданысқа енгізді. Бүгін апатқа ұшыраған ұшақ – Пхохан мен Чеджудода пайдаланылатын P-3CK үлгісіндегі ұшақтың бірі.