17 адамға үкім шықты
Грекияның әскери-теңіз соты Жерорта теңізіндегі соңғы онжылдықтағы ең ірі апатқа байланысты үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ВВС-дің хабарлауынша, 2023 жылғы маусымда Пилос жағалауында адамға лық толы «Адриана» кемесі суға батып, шамамен 650 адам қаза тапқан. Апат халықаралық суларда, бірақ Грекияның құтқару аймағында болды.
Апатқа қатысы бар шекара күзетінің 17 қызметкеріне айып тағылды.
Кінәлілер қатарында LS-920 кемесінің капитаны мен шекара қызметінің жоғары лауазымды тұлғалары бар. Оларға кемені апатқа ұшырату, адамдардың өміріне қауіп төндіру, көмек көрсетпеу және теңіз қозғалысына кедергі келтіру айыптары тағылған.
Апаттан тірі қалғандар шекара қызметінің кемені сүйреп жатқанда әдейі аударып жібергенін және кейін куәгерлерді үнсіз қалуға мәжбүрлегенін мәлімдеген. Олардың айтуынша, қайықтағы орын үшін әрқайсысы 4500 доллардан төлеген. Грек билігі бұған дейін барлық айыптауларды жоққа шығарып келген.
Жәбірленушілердің заңгерлік тобы бұл қадамды әділеттілік жолындағы маңызды кезең деп бағалады. Айыпталушылар алдағы апталарда тергеліп, сот олардың ісін қарау не тоқтату туралы шешім қабылдайды.
Грекия шекара қызметі соңғы онжылдықта 250 мыңнан астам адамды құтқарғанын және адам құқықтарын сақтап отырғанын мәлімдеді.