Жалақысының 90%-ын қайырымдылыққа берген - әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

Автор: Темірхан Айжан

Ол алты рет жараланып, 14 жыл түрмеде отырған

Фото: Getty Images

Жалақысының 90%-ын қайырымдылыққа берген - әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды. Уругвайдың бұрынғы президенті Хосе Мухика 90 жасқа қараған шағында көз жұмды. Қария қарапайым өмір салтын ұстанып, әлемдегі ең кедей президент атанған болатын, деп хабарлайды Azattyq Ryhy ВВС-ге сілтеме жасап. 

Оған 2024 жылдың мамырында оған өңештің қатерлі ісігі диагнозы қойылып, кейін ауруы бауырына жайылған.

«Біз  Пепе Мухиканың өмірден өткенін қайғыра отырып хабарлаймыз», – деп жазды Уругвай президенті Яманду Орси X әлеуметтік желісінде.

Орсидің айтуынша, Мухика тек президент ретінде емес, үлгі тұтарлық тұлға әрі нғыз көшбасшы ретінде ел есінде қалады.

«Сені қатты сағынамыз, ақсақал. Халқыңды шын сүйгенің үшін, бізге сіңірген зор еңбегің үшін мың алғас», - деді Уругвай президенті.

Хосе Мухика 1935 жылы 20 мамырда Монтевидеода дүниеге келген, 2009 жылы Уругвай президенті болып сайланып, 2015 жылға дейін елді басқарды.

Жастық шағында, 1960–70-жылдары, ол Куба революциясы идеясымен шабыттанып, солшыл радикалды «Тупамарос» қозғалысының құрамында соғысқан.

Ол алты рет жараланып, 14 жыл түрмеде отырған. Жазасының көп бөлігін жалғыз кісілік камерада өткізген. 1985 жылы Уругвайда демократия қайта орнаған кезде бостандыққа шықты.

2024 жылдың қаңтарында Мухика өзіне өңеш обыры диагнозы қойылып, аурудың басқа ағзаларға шауып кеткенін, енді емдеуге келмейтінін хабарлады. Ол әрі қарай емделуден бас тартып, отандастарымен қоштасқан еді.

Хосе Мухика «әлемдегі ең кедей президент» ретінде танымал болды.

Ол жұбайымен бірге гүл өсіріп сатқан, президент кезінде айлық жалақысының 90%-ын қайырымдылыққа берген. Оның ескі Volkswagen Beetle автокөлігі мен шағын фермасы ғана болған.