Трамп Қытайға қатысты баж салығын төмендетуді көздеп отыр

Автор: Алмас Ерсін

Трамп баж салығын 125 пайызға дейін көтерген болатын

Фото: AP/ Evan Vucci

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайға қатысты импорттық баж салығын төмендететінін, өйткені онсыз Вашингтон мен Бейжің бір-бірімен сауда жасай алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

NBC News-тің мәліметінше Трамп Қытайға салынатын кедендік баж салығын нақты қашан төмендететінін айтпаған. Оның пікірінше, Бейжің Вашингтонмен бизнес жасауға «өте қатты» тырысып жатыр, өйткені Қытай экономикасы қазір «нашарлап кеткен».

Бұған дейін Трамптың Қытайға салынатын баж салығын 125 пайызға дейін көтеріп, басқа елдер үшін 90 күндік үзіліс жариялағаны хабарланған болатын.