Бір фильм бірнеше номинация бойынша жеңімпаз атанды
Лос-Анджелесте 97-ші «Оскар» сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Биылғы марапаттау салтанаты ерекше сәттерге толы болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2025 жылғы «Оскар» жеңімпаздары:
Шон Бейкердің «Анора» фильмі бірден бірнеше беделді марапатқа ие болып, кештің басты жеңімпазы атанды. Бұл туынды жылдың үздік фильмі ғана емес, сонымен қатар үздік режиссура, үздік әйел рөлі, үздік түпнұсқалық сценарий және үздік монтаж номинацияларында да топ жарды.
«Оскар-2025» жүлдесінің иегерлері кино әлеміндегі жаңа үрдістерді көрсетті. Биыл ерекше драмалық және әлеуметтік маңызы бар фильмдер назарға ілікті.