Ресейде бәз біреу сауда орталығында күзетшілерді атқан: үш адам жарақаттанды (ВИДЕО)

Автор: Дәуренқызы Алма

Атқан адамның кім екені белгілі болды

Фото: видеодан кадр

Ресейдегі Мытища қаласындағы «Красный кит» сауда орталығында атыс болды. Бәз біреу күзетшілермен сөзге келіп, оларға оқ жаудырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Куәгерлердің айтуынша, жігіт сауда орталығына үлкен қара сөмкемен кірген, күзетшілер оны тексермек болған. Алайда ол келіспей, күзетшілермен сөзге келіп қалған. Кейін баллоннан бұрыш шашқан жігітті ғимараттан күшпен шығаруға тура келген.

Алайда ол кек алмақ болып, қайта кірген кезде атысты бастаған. Түсірілген видеоларда тапанша дыбысынан шошыған адамдардың аласұра қашып жатқанын көруге болады.

24 жасар Данил Потехин ұсталды. Атыс салдарынан үш адам – екі күзетші, жігіттің өзі зардап шекті