Әйелдің жасы 50-де
Оңтүстік Корея полициясы әлемге әйгілі К-поп «BTS» тобының әншісі Джинды іс-шаралардың бірінде сүйіп алған әйелді тергеуге шақырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
AP агенттігінің жазуынша, оқиға былтыр болған, әйелге жыныстық харрасмент көрсетті деген айып тағылған.
Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, күдікті жапониялық әйелдің жасы 50-де, ол тергеуге келуден бас тартып отыр.
2024 жылы Сеулде Джин лақап атымен танымал әнші Ким Сокджин әскерден қайтып келген соң «BTS» тобынан кететінін жариялап, әрі топтың 11 жылдығын тойлап, жанкүйерлерін құшақтап қоштасқан. Мыңға жуық адам қатысқан шарада әйел адам кенеттен әншінің бетінен сүйіп алады. Джин қатты ұялып қалады. Оның видеожазбасы ғаламторды демде шарлап кетті.
Әйел өзінің желідегі блогында «Ерінімді тамағына тигіздім. Оның терісі сондай нәзік» деп жазған.
Айта кетсек, «BTS» тобы 2013 жылы құрылған. Әлемнің түкпір-түкпірінде жанкүйерлері бар, олар өздерін топтың «әскеріміз» деп атайды.