Арықтататын курс сатқан бұрынғы ерлі-зайыпты блогерлер енді бірге сотталып кетуі мүмкін

Автор: Бақыт Шынар

Олар курстан түскен қаражатты Дубайдағы банк арқылы шетелге заңсыз шығарған деген күдікке ілінде

Фото: Валерия Чекалина

ТМД елдерінің аумағында өте танымал болған блогер Валерия Чекалина мен оның экс-күйеуі Артем Чекалиннің үстінен қозғалған жаңа қылмыстық іс бойынша олардың үйқамақтағы мерзімі наурызға дейін ұзарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТАСС-қа сілтеме жасай отырып

«Мәскеу қаласының соты блогер Валерия Чекалинаның үйқамақтағы мерзімін 2025 жылдың 26 наурызына дейін ұзартты», - деп хабарлайды

Валерия Чекалинa мен оның бұрынғы күйеуі Артем Чекалин және олардың бизнес-серіктесі болған Роман Вишняк Ресейден 251 млн рубль көлеміндегі ақшаны заңсыз алып кетті деген ауыр айыпқа ілініп отыр.

Тергеу кезінде олар елден қашып кетеді болмаса дәлел құжаттардың көзін жойып жіюереді деген күдікпен олар үй қамақта отыратын болды.

Айта кетейік, былтыр салық төлемеді деген күдікке ілінген Андрей Чекалин мен Валерия Чекалина біраз уақыт әлеуметтік желіні пайдалана алмай қалған болатын. Бірнеше айдан кейін осы шектеуден арылған олар желіге шығып, осы аралықта ажырасу туралы шешім қабылдағандарын айтқан еді. Екеуінің ортақ үш баласы бар.