Экс-сенатор жемқорлық үшін 11 жылға сотталып кетті

Автор: Аягөз Құрмаш

Оған бірнеше айып тағылды

Фото: Reuters

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының соты бұрынғы сенатор Боб Менендесті 11 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол сыбайлас жемқорлық, парақорлық және шетелдік мемлекеттердің мүдделерін лоббилеу айыптарымен кінәлі деп танылды. Бұл туралы New York Post басылымы хабарлады.

Басылымның мәліметінше, Нью-Джерси штатынан сайланған ықпалды саясаткер болған Боб Менендес Манхэттен сотында өзіне жеңіл жаза тағайындауды сұрап, көзіне жас алған. Алайда сот оны 11 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.

Сот үкімі және айыптаулар

Айыптау тарапы экс-сенаторға 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағанымен, судья бұл мерзімді қысқартты. Сонымен қатар, оның сыбайластары Ваэль Хана мен Фред Дайбес тиісінше сегіз және жеті жылға сотталды.

Менендес өз кезегінде тағылған айыптарды мойындамайтынын және сот шешімін қайта қарау үшін апелляцияға беретінін мәлімдеді.

«Мен кінәсізбін және апелляция беру мүмкіндігін асыға күтемін», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.