Беларусьте президент сайлауында мерзімінен бұрын дауыс беру басталды

Автор: Мақсат Әсел

Тұрғындар қаңтардың 21-25 аралығында алдын ала өз таңдауларын жасай алады

Фото: istockphoto.com

Мерзімінен бұрын дауыс бергісі келетіндер үшін сайлау учаскелері күндізгі 12-00-ден кешкі 19-00-ге дейін ашық тұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Беларусьтің орталық сайлау комиссиясы бес үміткерді тіркеді. Олар – мемлекеттің қазіргі басшысы Александр Лукашенко, либерал-демократиялық партияның төрағасы Олег Гайдукевич, республикалық еңбек және әділдік партиясының төрағасы Александр Хижняк, жеке кәсіпкер Анна Канопацкая және Беларусь коммунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Сергей Сыранков.

Мемлекет басшысын негізгі сайлау күні – 26 қаңтар. Дауыс беру сол күні таңғы 8-00-де басталып, кешкі 20-00-де аяқталады.