«Дәл қазір Американың алтын ғасыры басталады»: Трамптың инаугурациядан кейін сөйлеген сөзі

Автор: Мақсат Әсел

Инаугурацияны әлем жұртшылығы тікелей эфир арқылы тамашалады

Фото: BBC

Трамп инаугурациядағы сөзін бастамас бұрын ел президенті ретінде екінші рет ант қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол жиналғандарға, вице-президент Джей Ди Вэнске, сондай-ақ басқа саясаткерлер мен судьяларға алғыс айтты.

«Дәл қазір Американың алтын ғасыры басталады. Бүгіннен бастап біздің ел гүлденеді және әлем бойынша бұрынғыдай құрметке ие болады. Бізге бәрі қызыға қарайтын болады, өзгелердің айла-шарғысына жол жоқ», – деп мәлімдеді Трамп.