Ыстамбұлдағы 105 сағаттық кептеліс

Автор: Мақсат Әсел

Бұл - әлем бойынша жаңа рекорд

Фото: istockphoto.com

INRIX аналитикалық компаниясының 2024 жылға арналған мәліметінше, Түркияның ең үлкен қаласындағы жүргізушілер кептелісте жылына орта есеппен 105 сағат тұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осылайша мегаполис антирейтингте Нью-Йорк пен Лондон сияқты қалалардың алдына түсті. Ыстамбұл билігі көлік қозғалысын азайту және экологиялық жағдайды жақсарту үшін жаңа шаралар қарастырып жатыр. Соның бірі – көлік қозғалысының тығыздығы жоғары аймақтарда ақы төлеуді енгізу. Тар көшелерімен және тығыз көлік қозғалысымен танымал Эминоню мен Кадыкейдің тарихи және туристерге қолайлы аудандары қанатқақты жоба ретінде таңдап алынған.

Сонымен қатар, шығарындылардың көлемі төмен аймақтарды құру талқыланып жатыр. Бұл экологиялық жоба ауаның ластануын азайтуды және ауаға шығарындылары жоғары көліктерге қосымша төлем енгізуді көздейді.

Екі бастама көлік кептелісін азайтып қана қоймай, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартады деген сенім бар.