Бейсенбі күні өткен парламенттік дауыс берудің қорытындысында Джозеф Аун жеңіске жетті
Ливандық «Аль-Джадид» телеарнасының мәліметінше, Джозеф Аунға 128 депутаттың 99-ы өз дауыстарын берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Парламентік сайлаудың бірінші турында Джозеф Аун дауыстардың үштен екісін (86 дауыс) ала алмағандықтан екі сағат үзілістен кейін екінші тур жарияланып, депутаттар өз таңдауларын жасады.
Ливанда соңғы екі жыл бойы президенттің креслосы бос тұрғанын айта кеткен жөн.